Жарықтың жыры

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

26.05.2021, 12:14

1828

Кентау тұрғындары әлі күнге дейін майшам мен жарықшам қолданады. Жо-жоқ, әдемі кешкі ас ішу үшін емес, сәндік үшін де емес, кәдімгі күнделікті күйбің тіршілік үшін. Балаларының оқуын оқытып, жұмысқа дайындалып, жай ғана жарықта өмір сүру үшін. Өйткені моноқала Кентауда қит етсе жарық өшу сәнге айналған. Жел тұрса да, тұрмаса да, жарық кез  келген уақытта өше береді. Жарықтың не үшін өшкенін, қашан жанатынын түсіндіріп жатқан және ешкім жоқ. Жарық мекемесінде жауап беруге тиісті қызметкерлер телефон көтергеннен айқайға басып, қойылған сұрақтарға тиісінше дұрыс жауап бермейді.

Ауа райының әсерінен кенеттен өшкен жарықты түсінуге болар. Ал бірақ жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде сағаттап, күні бойы өшкен жарықтың жоқтығын қалай түсінуге болар екен? Себебі алдын ала халыққа жарықтың болмайтынын хабарлап жатқан мекеме жоқ. Қарапайым ғана дүние – мекеменің әлеуметтік желі парақшасында хабарлама жазу деген бар емес пе? Әлде «Кентау-Жарық» мекемесі әлі күнге «ашықтық», «халық үнін еститін үкімет» деген тұжырымдамаларды білмей ме?

Халық жарыққа байланысты шағымдарды тек жергілікті әкімдік арқылы ғана шешетін болды. Қайтсін енді, жарыққа жауапты мекеме жауап беруден аулақ болуды қаласа. Қала тұрғындары қара түнекте отырудан шаршады. Оны жергілікті әкімдікті тектеп тұрып жазған қала тұрғындарының постарынан байқауға болады:

Салтанат Беисембиева: «Жұмысты түнге дейін жасайтынына күмәнім бар. Жарық әлі жоқ! Сынықтың сылтауы бітпейді».

Маржан Алтай: «Жарықтың өшуіне желдің әсері болмаса, неге дәл жел тұрғанда жарық сөнеді? Рысқұлов көшесі. Естіп жатырмыз, біздің аймақтың трансформаторы күйген деп, күйген болса, неге ауыстырмайды? Жарыққа ай сайын уақтылы төлеп тұрамыз».

Сәкен Дүйсенов: «Электр энергиясы мемлекет балансына өтпей, осындай болғаны – болған. Жекеменшік ұйымдар алып-сатып үйреніп қалған. Отыз жыл бойы Кеңес Одағына орнатылған электр бағандарын жаңартпай, тек сатып келді. Соның салдары шығып жатыр. Өйткені барлығы ескірген». Фейсбук әлеуметтік желі парақшасын ашып қалсаңыз, осы сияқты жазбалардың легін көресіз. Бұл тек мысалға алынған жазбалардың бергі жағы.

Қалада Төле би, Рысқұлов, Ясауи көшелерінің тұрғындары аталған мәселелер бойынша жиі шағым айтады. Бірақ олардың шағымдарын тыңдап отырған ешкім жоқ. Облыс көлемінде бюджет жағынан Кентау көш бастайтын қалалар қатарында. Алайда бюджеттен бөлінген қаражатқа не жұмыстар атқарылып жатқаны белгісіз. Себебі халық тұтынатын жарық кабельдері әлі күнге ескі. Неге жаңармай отырғаны тағы сұрақ белгісін тудырады. Бір сөзбен айтқанда, Кентаудағы жарық мәселесі бітпейтін жарықтың жырына айналды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02