Жас таланттарды анықтайтын жоба

Бифат ЕЛТАЕВА

11.08.2022, 16:56

783

Қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау мақсатында елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік жастар кадр резерві құрылды.

Жоба аясында соңғы жылдары жастардың белсенділік танытуы көбейді. Әрі президенттік кадр резерві арқылы елімізде білімді, зерек жастардың аз емес екеніне көзіміз жетті. Жалпы резерв туралы толығырақ айтсақ, қатысушыларға қойылатын негізгі талап оның жасы отыз бес жастан аспауы қажет. Ал еңбек өтілі кемінде бес жылды құрайды. Сондай-ақ жоғары білімінің болуы да маңызды. Себебі, президеттік жастар кадр резерві тек сапалы білім иелерін қажет етеді.

Резервке қатысып, өткен үміткерлер Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия шешіміне сәйкес, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіп бойынша шарттардағы конкурстардан саяси лауазымдарға, «А» корпусының лауазымдарына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына, сонымен бірге «Б» корпусының А санаты тобындағы лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Бұл жастардың келешекке деген үмітін арттырады. Әрі аталмыш жоба арқылы елді өркендетуге бел буған, әрі сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған. Ондағы тағы бір міндет –  талантты жастардың арқасында Қазақстанды жаңа белестерге көтеруге мүмкіндік береді. Ол үшін жастардың бойында туған елін шексіз қадірлеп, және оған адал қызмет ете білуі тиіс. Сондай-ақ табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізуі үшін көптеген ізденісте болуы керек. Бұндай жоба ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды болмақ.

Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы бойынша, жастар кадр резервіне байланысты өңір-өңірлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Көбіне түсіндірме жиындарда Президенттік жастар кадр резервіндегі талаптар мен іріктеу кезеңдері туралы толығырақ айылып келеді. Яғни, президенттік кадр резервіне құжаттарды жүктеу pkrezerv.gov.kz сайты арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар резервке үміткерлер іріктеу кезеңдерінен өтуі үшін ең алдымен, аты-жөнін, ЖСН номерін, қолданыстағы электронды адрес пен байланыс телефонын өзіне қолайлы тілде енгзе алады.

Екіншіден, тиісті белгілерді қойып болған соң, деректер мен өңдеуге арналған келісімшартпен танысады да, белгіленген талаптарды қатаң сақтай отырып, мідеттемелерді қабылдайды. Яғни, ол міндеттемелерге төмендегі мәселелер кіреді.

  • Компьютердің және ғаламтор жылдамдығы кемінде секундына 5 Мб жұмыс істеуі қажет. Әрі компьютерде веб-камера мен микрофон жабдықтары болуы шарт.
  • Тапсырмаларды орындау барысында басқа тұлғаларды тарту фактілері мен дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда іріктеудің кез келген кезеңінен шығып кетеді.
  • Іріктеудің барлық кезеңдерінде, дәлірек айтқанда, тест тапсырмаларының, ситуациялық тапсырмаларда, өзге де ақпараттың мазмұнына қатысты деректерді үшінші тұлғаларға таратпау туралы.
  • Осы талаптарды қабылдамаған жағдайда үміткер резервке қатыса алмайды.
  • Кадидат талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

Президентік жастар кадр резерві сондай-ақ қазіргі цифрландырылған қоғамда мемлекеттің дамуы жолын түбегейлі өзгертуге септігін тигізеді. Сол себепті де біздің егеменді еліміз замана талабына сай бола отырып, жастарымыз еліміздің қабілеттілігін көрсететін негізгі факторы болмақ.

Елімізде арнайы жастар жылы да жарияланды. Өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте ең маңызды рөл атқаратын қозғаушы күш.  Ал қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары, шыңдалған жас мамандар даярланып, білім сапасына айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде жастарды жұмыспен қамту басты мәселе болғандықтан, оған да арнайы бағдарламалар әзірленіп, баспана алуларына да көптеген жағдайлар жасалынып келеді. Президенттік жастар кадр резервіне қайта оралсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен креативті, бәсекеге қабілетті жастардың карьералық өсуі үшін мемлекеттік басқару және мемлекеттік салада басшылық қызметке тұру мүмкіндігі ашылған. Яғни, президент жарлығымен 2019 жылдың жиырма жетінші тамызында Қазақсатан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі арнайы комиссия құрылып, Президенттің жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілген. Осы жоба аясында барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мол мүмкіндік алаңы саналады. Осыған орай, нақты бір салада өзіндік жетістіктері мен  еліміздің жастары үшін іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндіктері пайда болды.

Сондай-ақ резервтегі тұлғалар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару алаңдарында және филиалдарында оқып, одан кейін кәсіби және тұлғалық даму мақсатында оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады. Және Президенттің кадрлық резервіне қабілеті жеткен кез келген жастың ілігуге мүмкіндігі бар. тек білімі мен білігі, ұшқыр ойлылығы, ойы, сыни ойлау қабілетінің жоғары болуы қажет. Егерде кезеңдер бойынша іріктеліп, талапқа сай келген үміткерлер екінші кезең бойынша тест, теориялық білімі мен логикалық деңгейін анықтау тұрғысында тестілеуден өтіп, Мемлекет басшысының кадрлық резервіне енетін жастардың елімізге адал қызмет етіп, Қазақстанның дамуында көптеген жұмыстарды атқаруға дайын екендіктеріне сенімдіміз.

Президенттік кадр резервіне қатысты тағы бір айтарымыз, бұл жоба еліміздегі білімді де дарынды, белсенді жастардың келуіне жол ашады. Яғни, дарынды, білімді жастардың көптеп келуі мемлекет үшін де, ел үшін де өте тиімді іріктеу деп білеміз. Ал елімізде дарынды жастар қаншалықты көп болса, елдің де дамуына өзіндік үлесін қосары сөзсіз. Сол себепті, кез келген жас өзіне деген сенімсіздікті жойып, талапқа сай келіп тұрса, қатысқаны абзал. Мүмкін, бойындағы дарыны мен білімі шыңдалып жатса, аталған кезеңдерден өтіп кетуі де ықтимал. Ал іріктеу кезеңдерден өтпеген жағдайда да ол жастың өзіне қаншама тәжірибе жинақтары анық. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сарабдал саясатының арқасында ендігі ескі Қазақстанды «Жаңа Қазақстанға» айналдыру мақсатында Президенттік кадр резервіне тек қана жастарды жинап жатқандығы да сондықтан. Ал жастардың бойында отансүйгіштік, елімізді қалай да дамытамын, әрі үлесімді қосамын деген жалынды күштері болатыны анық.

Ал талантты, дарынды, білімді жастардың көп болуы әрине, бірінші Жоғары оқу орындарына тікелей байланысты. Яғни, білім сапасы неғұрлым жоғары болса әрі студенттерге деген талап жоғары болса, елімізде білімді жастардың көбейері сөзсіз. Әрі Президенттік жастар кадр резерві де жастарға неғұрлым таныс болған сайын, оған қатысушы үміткерлердің өзін-өзі шыңдауы да жоғары нәтижеге жеткізері сөзсіз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41