Жасөспірімдер төбелесті

Миуа БАЙНАЗАРОВА

27.05.2021, 11:31

7188

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелестің жолын кесіп, оқиға орнынан қалалық Полиция басқармасына 14 жасөспірімді жеткізді.

Өкінішке орай, төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, бас шарасы күзетпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен (бұзақылық, суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Топтық төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127 бабы 3 бөлігіне (ата-ананың немесе заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеуде міндеттерін орындамауы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті) сәйкес әкімшілік шара көру мәселесі қарастырылуда

Тегтер: қылмыс заң тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39