28.01.2021, 11:51
3675
Алыс ауылдың бірінде болған оқиғаны естіген, блогер, журналист Айсұлтан Жақып полиция қызметіне хабарлап, жағдайға араласуды сұраған.
«Маған облыстағы ауылдың бірінде кәмелетке толмаған қыз бала облыс тұрғынынан жүкті болды деген хабар түсті. Бұл хабарды ата — анасы жасырып отыр»,- деп мәлімдеген Айсұлтан Жақып.
Мектеп оқушысының от басып қалған жайсыз жағдайын ата — анасы жұрттан қаймығып, жасырып қалған. Аталмыш хабарды алған бойда бұл оқиғаны анықтау үшін Полиция департаментінің тәжірбиелі қызметкерлерінен жедел — тергеу тобы құрылған. Аталған іске қатысы бар делінген 40 жастағы облыс тұрғыны қамауға алынған.
«Жедел — тергеу тобы қысқа уақыт ішінде аталған ауылдағы оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығын анықтады. Алдын ала тергеу кезінде ақпарат расталды. Күдіктіге сотпен » қамауға алу " бұлтартпау шарасы тағайындалды. Басқа ақпараттар Қазақстан Республикасы Процессуалдық Кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды ",- деп мәлімдеді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұғанасы қатпаған жасөспірімнің тағдырын ойран еткен адамның кім екені тергеу құпиясына сай әзірге жарияланбайды. Ал Полиция департаментінің бастығы бүтін бір ауыл жасырып ұстаған қылмысты жария етіп, азаматтық позициясын көрсеткен Айсұлтан Жақыпты алғыс хатпен марапаттады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР