Жасөспірімге азғындық жасаған күдікті қолға түсті

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

13.10.2020, 04:35

1473

Сырдария ауданында 11 жасар жеткіншекке азғындық әрекет жасаған күдікті қолға түсті. Ол әкесінің жақын досы болып шыққан.

Қорлыққа шыдамаған бала үйіне қонбай, далада түнеуге мәжбүр болған. Зорлықты көзімен көрген 5 жасар туған інісі көршілеріне әкесінің досы ағасын зорлап, қорлыққа шыдамаған соң ағасы үйден қашып кеткенін айтыпты. Сұмдықты естіген көршілері дабыл қағып құзырлы органдарды шақырған.

Көршісі зорланған бала канал бойында түнеп жүргенін айтады.

–Үйіне баруға қорқамын деді. Аналары осыдан 4 жыл бұрын қалада көлік қағып кетіп қайтыс болды. Жалғызбасты әкенің тұрақты жұмысы жоқ, балалардың жәрдемақысымен күнкөріп отыр», – дейді көршісі Лилия Галиева.

Бұл мәселеге орай Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің қамауға алынғанын айтты.

–Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабымен тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда жас балаларды азғындық жолға түсіру жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды,– деп мәлім етті.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ал балаларды облыстық кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырыпты.

–Күдікті азамат анықталғаннан кейін бірден қамқоршылық қорғаншылық органның қаулысымен балалар кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда балалар осы орталықта. Тиісті психологиялық тұрғыда көмек көрсетіліп отыр, – деді Қызылорда облыстық білім басқамасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?
Мамыр ТӘУКЕЕВ 08:54
Балқаш: Ем қайда, су қайда?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.04.2021, 17:01
Қарағанды облысында карантин талабы күшейтілді
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 14:14
Алматыэпидемиологиялық жағдайы айтылды
Сайт әкімшілігі 10.04.2021, 14:56
1 гектардан 8 миллион теңге табыс табуға болады
Сайт әкімшілігі 10.04.2021, 14:54
Түркістанда халықаралық ұйымның декларациясы қабылданды

Аңдатпа


  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16