Жат ағымның жәбірі көп

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

30.07.2021, 09:11

2168

Елімізде діни ахуал бір қарағанда қалыпты көрінеді. Бірақ киім киісі мен түр әлпеті елден ерекшеленген қандастарымыздың қатары байқаусыз көбейіп барады. Қоғамда қылаң беретін осындай жандарды жөнге салу ісі жүйелі жүргізуді талап етіп отыр. Қарағанды облысында радикалды идеологияға қарсы күресті күшейту шаралары бір ізге түскен. Дәстүрлі діннен алыстағандарды дұрыс жолға түсіру үшін үгіт-насихат  жұмыстарын үздіксіз жүргізу түбі оң нәтиже беретіні анық.

– Шетелдегі шейхтарға емес, мешіттегі имамдардың пәтуасына құлақ асқан дұрыс. Жат ағым қашанда тұлғаның сана-сезімін бұзуға әрекет ететіні жасырын емес. Біздің өңірде де  деструктивті  бағытта шырмалған жандар аз емес. Мешіт имамдары мен ұстаздары «Жусан» операциясы нәтижесінде әскери аймақтан оралған отбасыларды қалыпты ортаға икемдеу бағытында ілкімді іс-шаралар жүргізіп келеді. Кезінде діни сауаттың осалдығынан шекара асып, кейін елге әкелінген  сегіз әйелмен жұмыс жасаудамыз. Олардың үшеуі  Қарағанды маңындағы түзету мекемесінде кесілген мерзімін өтеп жатыр. Жабық сана, шалыс қадамның салдарынан сан соққан қыз-келіншектер сол қылықтарына енді өкініш білдіреді. Бәрінен бұрын алтын ұя – туған Отанға аман-сау жеткендеріне қуанады. Дегенмен адасып, кейін үйірін тапқан жандарға түсіністікпен қараған абзал. Тағдырының ізіне қара таңба түсірген әйелдерді қолдау әрқайсымызға міндет.

Бостандықта жүрген және жабық мекемеде отырған осындай нәзік жандармен біз айына төрт рет кездесіп, ислам ілімінің қағидалары, оның ішінде Әбу Ханифа мәзhабы бойынша дәріс  оқимыз. Тыңдаушылар өз ырқымен мүфтият мақұлдаған кітаптарды алып, сусындауда. Сонда аңғарғанымыз, ақиқат дінге қаныққандардың беті бері бұрылып келеді. Ізгі амалға иланған қандастардың ықыласы біздің жүрегімізге қуаныш ұялатуда, – дейді  облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің ұстазы әрі аймақтық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Арай Бакирова.

Дін – нәзік дүние. «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген сөз бекер айтылмаған.  Ислам қағидасын қасиетке емес, қасіретке душар етіп жүрген білімсіз фанаттардан қорғану – бүгінде әлем халықтарының алдындағы басты ұстаным. Қазақстан да жат ағымдағылармен күресті алғашқы орынға қойып отыр.

Тегтер: дін дін істері мемлекеттік саясам келісім жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49