Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты

Сайт әкімшілігі

27.05.2022, 17:30

4208

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жыл «Балалар жылы» болып белгіленгені анық. Балалар жылын қолдауға орай, мемлекет тарапынан да, жекеменшік ұйымдар тарапынан да белгілі істер атқарылып келеді.

Атап айтсақ, балалар жылында осы жылдың жазынан бастап, балалардың сауықтыру лагерінде демалатын оқушылардың саны 500 мыңға артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биылғы жазда демалатын оқушылардың саны былтырғымен салыстырғанда, жарты миллионға көбейген. Яғни балаларды жазғы демалыспен қамту мен қолдау артады деген сөз. Нақты есеппен айтсақ, жазғы демалысқа баратын қазақстандық балалардың саны 2,3 миллионға жуық. Балалардың саны көбейген сайын елімізде сауықтыру лагерлері мен ойын алаңдарының саны айтарлықтай артады. Атап айтсақ, жалпы, республика бойынша биыл саны он бір мыңнан асса, 2021 жылдан бері тоғыз мың бес жүз жеті мектеп жанындағы, қала маңдарындағы шатырлы, спорттық және киіз үй лагерлері жұмыс істеп келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Алдағы уақытта тағы да тынықтыру лагерлерін ашу жоспарланған. Жалпы жоспар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалив толық мәлімет берген болатын. Оның сөзінше, балаларды қолдау жылында бірінші кезекте жазғы сауықтыру лагерлеріндегі демалыспен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады.

«Оған жетім балалар, жағдайы төмен отбасылардан, көпбалалы отбасынан және толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылады. Ал балаларды сауықтыру лагерлерінің желісіне ұлттық парктер, санаторийлар, туристік базалар, жоғары оқу орындары жанынан сауықтыру орындарын ашу, жұмыс жасамайтын лагерлерді қайта қалпына келтіру есебінен кеңейтіледі. Соған орай, қалалық лагерлер желісін дамыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Өңірлердегі демалыс орындарына тоқталсақ, биыл Қызылорда облысында үш және Ақмола облысында бір лагерь пайдалануға берілуге дайын. Әрі балалардың жазғы демалысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қарап, тексеріп, содан кейін пайдалануға береміз. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ ендігі ашылғалы жатқан лагерлерге конкурстық рәсімдер жүргізіліп, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріліп жатыр», – дейді Есенғазы Иманғалиев.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-аналар мен балаларды толық ақпараттандыру үшін bala-demalys.kz сайты іске қосылатынын айта кеткен жөн. Оның ішіне интерактивті карта, сайт пен мобильді қосымша (Android және IOS платформаларында) іске қосылған. Осындай электронды картаның көмегі арқылы кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерь туралы, бағдарламасын, бағасын, орналасқан жері жөнінде ақпарат ала алады.

Ал еліміздегі өңірлер бойынша, балалардың жазғы демалысы қалай өтетіндігі жөнінде тоқталсақ, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында балалар демалысына арналған лагерь биылғы жылға ашылуға сақадай сай дайын. Онда жылына бес мыңға жуық бала демалады. Сондай-ақ демалыс орнында балалардың ой сергітуіне, танымдық бағытта жұмыс істеуіне, олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу мен түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндіктері бар. Балалар үшін ғимаратта асхана, клуб, спорттық алаңдар, ұлдар мен қыздарға арналған бөлек корпустар ашылған. Дәл осындай балаларды сауықтыратын демалыс орындары Шиелі, Жаңақорған аудандарында көп жылдан бері жұмыс жасап келеді. Дәл осындай жазғы лагерлер Ақмола облысында да пайдалануға берілді. Шымкент қаласында да бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан «Ақсу», «Арман» «Ерке», «Үшбұлақ» сынды демалыс орындары бар. Шымкент қаласында да жолдама саны өткен жылмен салыстырғанда, 41-ге көбейген.

Балалар жылы болғандықтан, баланың демалысымен қатар, қауіпсіздігін де ескергеніміз, ескерткеніміз жөн. Атап айтсақ, жазғы демалыс уақытында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға күю тәртібі, салқын суға шомылуда арнайы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мамандар көп айтады. «Су – сенің досың және қасың», деген ұстанымды ұстай отырып, суға қалай шомылу керектігі, қалай жүзу жөніндегі қауіпсіздік шараларын толық білмегендіктен, соңы орны толмас қайғы мен өкінішке ұшырайтынын білгеніміз жөн.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33