Жеңіл атлетика кешені жаңарып жатыр

Сайт әкімшілігі

19.09.2020, 08:18

238

Шымкентте бірқатар спорт нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қала әкімі алдымен, жеңіл атлетикалық спорт кешеніне барды. Аталған нысан 2011 жылы пайдалануға берілген. Жалпы аумағы — 4 946,6 шаршы метр. Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ауданы 3 864,4 шаршы метр жаттығу залы, әрқайсысы 200 метрлік 4 жолақты жүгіру жолы, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін арнайы бөлме бар. Мұрат Әйтенов жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Шаһар басшысы  қалалық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне де барды. Қазір мектептің спорт залы және бассейні күрделі жөндеуден өтуде. Мұнда шәкірттерді спорттың 8 түрінен жарысқа дайындайды. Атап айтқанда, жүзу, ескек есу және каноэ, үшсайыс, бокс, баскетбол, шахмат және семсерлесу өнеріне баулиды. 60 жаттықтырушы 800-ден аса баланы олимпиадаға дайындап жүр.

Қала әкімі аралау барысында сала басшысына жастар арасындағы спортты дамыту үшін барлық спорт мектептерінің әлеуетін толық пайдалану қажеттігін айтып, нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, спорт нысандарындағы жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Шымкентте 856 спорт нысаны бар. Қала спортшылары 2021 жылғы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 4 жолдама ұтып алды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15