Жеңіс Қасымбек сырғытпа жауап берген әкімдерді сынға алды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.12.2020, 11:50

2390

Қазіргі кезде әкімдер жұрттың арыз шағымын кеңседе ғана емес, әлеуметтік желіде көріп жауап қайтаруы тиіс. Алайда кеңседе жұртты бірнеше күн тосқызып, зарықтырып барып бір -ақ қабылдайтын шенеуніктер енді әлеуметтік желіде тұрғындардың мұң — мұқтажын тыңдап жарытып жүргені шамалы.

 Әлеуметтік желіге түскен шағымға бірінші кезекте әкімдер тікелей жауап қайтармайды, олардың баспасөз қызметі «жұртқа көз қылып» сырғыма жауап беріп отыра береді. Осындай жұртты мезі еткен сырғыма жауаптардың көп болып кеткені облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің шымбайына батқан болу керек, қарамағындағы әкімдерге сын айтты.

«Жұрт шағым айтады, бірақ ештеңе өзгермейді. Мысалы аурухананың жанындағы ашық қалған құдық туралы тұрғындар бірнеше рет шағым білдірді. Шағымды көрген шенеуніктер дұрысты жауап қайтармаған, ешқандай жұмыс жасалмаған. Осы тез шешіле салатын мәселе облыстық әкімшілікке шағым білдірген соң, үш айдан кейін барып қана шешілген. Мен сіздерден кез келген шағымның тыңдалып, есепке алынғанын қалаймын»,- деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әлеуметтік желіде тұрғындар бірнеше қала әкімдерінің және олардың орынбасарларының парақша ашып алып, сол жерге жазылған шағымдарға назар аудармайтынын айтып қынжылады. Облыс әкімі шенді шенеуніктерге "әлеуметтік желіні халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайтатын көпірге айналдыру қажет" деп талап қойды.

Ал қарағандылық журналист, блогер Диана Сапарқызы, әкімдердің әлеуметтік желідегі жұрттың шағымын есепке алу жағы мүлдем іске алғысыз деп есептейді. 

«Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің өзі әлеуметтік желісін ретке келтіріп алсын, өйткені бұл жерде де жұрттың айтқанын елемейтін жайттар кездеседі. Оны біз көріп біліп жүрміз»,- деп мәлімдеді журналист, блогер Диана Сапарқызы.

Тегтер: әкім жергілікті басқару тұрғындар халық жүйе жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10