17.10.2020, 10:15
240
Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар. Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ішінде 20 бала – колледжге оқуға түскен болса, 23 бала мемлекеттік грант иегері атанған. Ал 16 бала жоғары оқу орындары ректорларының гранттарына ие болып оқу орындарына түсті.
Одан өзге, қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 661 балаға ай сайын асырап-бағуға жәрдемақы төленіп жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР