Жетімдерді бауырына басқан құтқарушы

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

17.11.2020, 12:59

976

Қарағанды қаласында бір отбасы балалар үйінен алты баланы асырап алды. Отағасы Николай Соболевский 13 жылдан бері Төтенше жағдайлар қызметінде құтқарушы болып еңбек етіп келе жатыр. Бастапқыда жетімдер үйінен бала асырап алу идеясын отбасының кіші қызы Нинель ойластырған.

Құтқарушы Николайдың жұбайы Татьяна балалар үйінде  тәрбиеші болып еңбек етеді. Нинель анасымен кішкентай күнінде балалар үйіне барып жүргенде сіңлісінің болғанын қалайтынын үнемі айтып жүрген екен. Оның өтінішін ата-анасы құптап, алғашқыда бір қыз баланы бауырларына басқан. Кейін бұл отбасы жетімдер үйінде жаутаңдап жүрген бүлдіршіндерді қимай, тағы бес қыз баланы бірнеше жылдың ішінде асырап алады. Қыздардың ішінде ең үлкені бүгінде 24 жаста, ал кішісі он жаста.  

Николай Соболевскийдің өзінің екі ұл бір қызы бар. Қазіргі уақытта ересек жастағы екі ұлы бөлек тұрады екен.  Бірыңғай қыз балаларды асырап алуларына баспаналарында артық бөлменің болмауы себеп болған. Ұл балаларды алу үшін үйде тағы жеке бөлмелері болуы тиіс екен. Отбасының үш бөлмелі пәтері бар. Дегенмен отағасы ел қатарлы ештеңеден тарықпай күн кешіп жатқандарын алға тартады.

— Қай уақытта болмасын қиындық болады ғой, сондықтан тұрмыстың қиындығына қарап құр босқа отыра берсек ол дұрыс емес деп есептеймін. Өйткені  балалардың ата анасыз өсуі ол біздің тұрмыстық қиындықтың алдында түк емес, сол себепті бірінші кезекте балаларға көмектесуді парызымыз деп шештік,- дейді құтқарушы, тоғыз баланың әкесі Николай Соболевский.

Бұл отбасы бұрын тағдыр тауқыметімен ата ана қамқорлығынсыз қалған Анар есімді қыз балаға көмектескенін айтады. Анарды асырап алмаса да есейіп ол отбасын құрғанша көмектесіп отырған. Бүгінде Анар 37 жаста оның төрт баласы бар екен.

«Жетім көрсең жебей жүр» деген ұстанымды алға тартқан отбасы кең баспанаға қол жеткізсек,  ұл балаларды да асырап алуымыз мүмкін деп жоспарларымен бөлісті.

Тегтер: бала асырау қиындық мәселе қамқорлық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51