«Жезкиіктің» желге ұшқан қаржысы

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.04.2021, 10:46

2276

       Елімізде мемлекеттің қыруар қаржысына салынып, кейін оның қызығын жұрт көрмей жатып тас-талқаны шыққан ғимараттар жетерлік. Мұндай жайтты көргенде, қараша халық  «желге ұшқан қайран  ақша» деп, бір күрсінеді де қояды. Ең сорақысы, бұған көзіміз үйреніп бара жатқан сыңайлы.       Жезқазғанда шенеуніктер жылда жер-көкке сыймай, желпініп жүріп «Жезкиік» этнофестивалін  өткізеді. Қазақтың ұлттық әні мен күйін дәріптеуге бағытталған мұндай шаралар жөнімен өтіп жатса  тақиямызға тар келмейтіні анық. Биыл да облыс билігі жоғарыдағыларға есеп берген кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын 1500 жобаның  бірі ретінде осы «Жезкиік» этнофестивалін көрсетіпті. Алайда даудың басы осы фестивальді өткізетін орыннан туындап отыр. 2018 жылы Жезқазғанда аталмыш шараны өткізу мақсатында Кеңгір суқоймасының жағалауына сахна мен көрермендер отыратын орын салынған-ды. Алайда мемлекет қаражатына салынған нысанның бүгінде тозығы жетіп, қирай бастаған. Жезқазған тұрғындары әкімдіктегі шенеуніктер бұл жайтты көріп отырса да, салғырттық танытуда деп наразылық білдіруде. Бұл нысан Жезқазған қаласы әкімдігінің дәл жанында орналасқан. Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Мақпал Орынбет «бұл нысан ешқандай мекеменің балансына енбегендіктен қараусыз қалды» деп дабыл қағуда. Бұл аумаққа ешкім жауапты болмағандықтан,  шенеуніктер бастарын қатырғысы келмейтін тәрізді.      – Сол кездегі облыс әкімі Ерлан Қошановтың қосымша тапсырмасы бойынша бастапқы жобаны өзгерткен мердігер компания «Жезстройсервис» 40 млн теңге көлеміндегі қосымша шығынын өндіре алмай, Жезқазған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен өткен жылдың 20 ақпанына дейін соттасты. Мердігер компания сотта жеңіліс тауып, кейін банкрот болды. Содан бері аталмыш нысанның қаржылық шаруалары біткенімен, заңдылық жағынан ол аяқталмаған нысан болып қалды. Сахнаға ешкім иелік етпеген соң, қараусыз болып тұр. Мердігер тарапынан тапсыру, тапсырыс беруші тарапынан қабылдау жұмыстары соңына дейін жетпеген, –  дейді Мақпал Орынбет.         Сол кездегі облыс басшысы Ерлан Қошанов нысан салынған кезде көрермендер отыратын оң жақтағы алаңды сол қанаттан да салуға қосымша тапсырма берген. «Өйткені нысанның  бұл тұсы архитектуралық жағынан қораш болып көрінетін еді», – деп сөзін сабақтады мәслихат депутаты. Алайда бұл тапсырма орындалмай, сол күйінде қалған.        Жезқазған қаласының әкімдігі ашық  аспан астындағы сахна жайындағы сұрауымызға ресми жауап берді. Айтуларынша, бұл нысан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің теңгерімінде екен. Әкімдік  мердігер компания тарапынан жұмыс толық аяқталған деп отыр. Алайда бұл нысан әкімдік бөлімінің  балансында тұрса, шенеуніктер нысанның қирауына неге жол берген деген  заңды сұрақ туындайды. Әкімдіктің ақпарынша,  Жезқазған қаласының аллеяларын, гүлзарларын, абаттандыру мен оларды күтіп ұстау бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар конкурсы аяқталыпты. Тендерде жеңіп шыққан компания ашық аспан астында тұрған «Жезкиік» этнофестивалінің сахнасын да өз қарауына алады екен.

Тегтер: шара жоспар әкімдім мәслихат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58