Жолға бөлінген қаржы желге ұша бере ма? (видео)

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

15.12.2020, 17:09

1907

 Ақжармалықтар желтоқсанда жол төсеген мердігердің мәселесін жедел қарауды талап етеді.

Жуырда ғана Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова  Сырдария ауданы Ақжарма ауылында болып, «Ауыл – ел бесігі» атты бағдарлама аясындағы жұмыстармен танысқан болатын. Ауылда жалпы ұзындығы 13,6 км құрайтын 9 көшені орташа жөндеуге 614,64 млн. теңге бөлінгенін, онымен қоса, ауылдың 4 көшесін жарықтандыруға, 3 көшесіне темір бетонды лоток орнатуға қаржы бөлініп, жұмыстар жүріп жатқанын ресми баспасөздер хабарлады. Тиісті жұмыстарды «Сыр жолдары» ЖШС атқаруда екенін, аяқталу мерзімі 2020 жылдың 30 қарашасы деп көрсетілген. Аймақ басшысы аудан әкімі мен мердігерге жөндеу жұмыстарын тездетіп бітіруді және сапалы орындауды тапсырғанды.

Ал күні кеше ауыл тұрғындары жасалып жатқан жұмыстарға наразылықтарын білдіріп көшеге шықты. Олардың айтуынша, тіректі ауыл саналатын Ақжармаға бөлініп жатқан қаржы көп, бірақ оны тиянақты орындап жатқан мердігер жоқ дейді.

— Асфальт күн жылы да төселу керек емес па? Тендерден ұтып алған мердігер жаз бойы түк бітірмей, қыс болғанда қимылдап жатыр. Бұның сапасы қандай болады? Көктемді күтпей-ақ, әлден үгітіліп жатыр. Халықтың ақшасы қайда кетті? Осыдан кейін жоспарды орындадық деп, есеп береді ғой. Жергілікті билікке бұл жұмыстарды қабылдамауды сұраймыз және арнайы органдар келіп жол сапасын тексерсін деген талап қоямыз, — дейді ауыл ардагері Абат Жағыпаров.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өткенде Қызылорда қаласындағы көшелерге жүргізген зерттеулерде біраз олқылықтардың бетін ашып еді. Олардың айтуынша, «+10 градустан төмен қарай асфальт салуға болмайды. Оның үстіне ыстық асфальт жамылғысын. Негізі жоба бойынша 6 см болуы керек және битуммен өңделуі қажет», — деген еді аталмыш орталықтың өкілі Ержан Усманов.

Ал тұрғындар жіберген бейнежазбада бұндай талапқа сай келетін жұмыстар жоқтың қасы. Қыстың көзі -10 градусты көрсетіп тұр. Шала жасалған қара жолдың үстіне асфальт төсеп бара жатқандардың тірлігін көреміз. Көзбояушылыққа бей-жай қарамайтын тұрғындар төселген асфальтты аяқпен-ақ теуіп-ақ «миын» шығарады. Бір-біріне қабыспаған асфальттың астында қиыршық тас пен битум жоқтықтан бұл асфальт жерге жайылып, құмға жұтылып кететіні көрініп тұр. Көзге қораш дүние расымен жедел тексеруді талап етеді.

— Жөндеу жұмыстарын «Сыр жолдары» ЖШС жүргізіп жатыр. Біздің ауылда осылайша қыста асфальт төсеп жатыр. Жолды жөндеп жатқандарына бірнеше күн болды. Жүк көліктерін жүргізіп жүрген жұмысшылар да ауыл жігіттері. Олар мұндай бассыздықты, көзбояушылықты тоқтатуға қауқарсыз, — дейді ақжармалық Талғат Диуанов.

Құрылыс нормалары мен ережелерінде анық жазылған. Онда көктем мен жазда ыстық асфальт-бетон +5 градустан төмен емес температурада төселеді. Тіпті көктемде температура +10 градустан төмен болмауы керек. Тағы бір айта кетер жайт – асфальт жауын-шашынсыз ауа райында, ылғал немесе батпақ емес жолға төселуі тиіс. Жауын-шашын, қар жауып тұрғанда, ылғалды температурада ыстық асфальт төсеуге қатаң тыйым салынған. Бұл нормативті құжатта жазылған заң талабы.

Мәселені «Ақмешіт адалдық алаңы», «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «Облыстық арнайы мониторингтік топ» өкілдері жіті тексереді деген ойдамыз.

Тегтер: жол жөндеу мердігер жауапкершілік қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 18:10
Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр
Сайт әкімшілігі 12:19
Сегіз өңір "қызыл" аймаққа енді
Мариям МАҚСАТ 09:30
Ауылдағы ағайын ауызсуға жарымай отыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.01.2021, 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 26.01.2021, 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 26.01.2021, 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10