28.12.2020, 18:50
875
Шет ауданы Қошқарбай ауылынан екі шақырым жердегі Алматы — Екатеринбург тас жолына күкірт қышқылы төгілді. «MAZ» маркалы жүк көлігі аударылып қалып 8 тонна күкірт қышқылы далаға төгіліп қалған. Бұл жүк көлігі " Sary — Arka Copper Processing " ЖШС тиесілі.
Жүк көлігі шамамен 20 тонна күкірт қышқылын тасымалдап бара жатқан." Күкірт қышқылы төгілгені жөнінде хабарды естіген бойда Экология департаментінің мамандары сол жерге барып топырақ сынамаларын алды. Сынама нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Жүк көлігі тиесілі ЖШС мамандарының қатысуымен күкірт қышқылы төгілген жерді тазарту, майсыздандыру жұмыстары жасалды " ,- деп хабарлады Экология департаментінің баспасөз қызметі.Күкірт қышқылы 80 шаршы метр жерге дейін жайылған. Экологтар сынама нәтижесі шыққан соң, табиғатқа күкірт қышқылынан қандай зиян келгенін айтады.
Еске сала кетсек, 30 қарашада Жаңаарқа ауданы мен Жұмажанов ауылы арасындағы жолда көлік апаты орын алып жеке фирмаға тиесілі жүк көлігінен үш тонна мұнай қалдықтары далаға төгілген. Бұл жайтты тексерген экологтар қоршаған ортаға 320 мың теңге көлемінде шығын келді деп есептеген болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР