Жұмыспен қамту басқармасының бастығы парамен ұсталды

Сайт әкімшілігі

26.03.2021, 09:33

597

Атырау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Жас Алаш» azh.kz басылымына сілтеме жасап. 

Шенеунік жұмыс берушілерден жұмысқа қабылданған әрбір шетелдіктің «басы» үшін 500 мың теңгеден пара алған деп күдіктелуде.

Басылымның хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері 25 наурызда таңертең жұмыс орнында пара алды деген күдікпен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Камидолланы ұстады.

Серік Қамидолла бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған.

2008 жылдан бастап Жылыой аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде сектор меңгерушісі болды. 2010 жылы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2011 жылы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлерімен және мүгедектерімен жұмыс бөлімінің бастығы. 2012 жылы – Жылой ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болған.

Тегтер: пара жемқорлық сыбайлас жемқорлық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 14:45
"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді
Мариям МАҚСАТ 16.04.2021, 10:32
«Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
Нұрболат ӘЛДИБЕК 16.04.2021, 10:01
«Өз еркіңмен қызметіңнен кет деп жатыр»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 15.04.2021, 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.04.2021, 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24