«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.07.2021, 15:21

831

       Бейбіт жатқан Қазақ елінде жат  ағымның жетегінде жүріп, соқыр сенімге ергендердің талайының  тағдыры талқандалып, айрандай ұйып отырған отбасылардың шаңырағы ортасына түсті. Адасып, елден кеткендер соғыс өрті қызып тұрған жат елге келгенде ақиқатқа көз жеткізіп, өкініп қалды. Олардың еліне қайтып келуі  мүмкін емес еді. Тіпті ата-анасы ұрыста қаза болып, жат жерде тентіреп қалған қаракөз жетімдеріміз де көбейді. Қазақстан билігі адасып, жат ағымның жетегінде кеткендер үшін көмек қолын созды. 2019-21 жылдар аралығында Сирия мен Ирактағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін «Жусан» гуманитарлық операциясы жүзеге асып, талай отбасы үміт отын қайта жақты. Осы жылдарда соғыс өрті өршіп тұрған елдерден Қазақстан 607  азаматты кері қайтарып алған-ды. Оның ішінде 157 әйел мен 403 бала бар, балалардың 34-і ата-анасынан айырылған жетімдер. Террорлық әрекетке саналы түрде барған 31 ер адам мен 12 әйел елге келген соң, түрмеде жазасын өтеуде.

        Мәселен, Қарағанды облысындағы түзету мекемелерінде «Жусан» операциясы арқылы елге жеткізілген тоғыз адам өз жазасын өтеп жатыр. Сотталмағандарға оңалту шаралары жасалуда. Санасы уланып, теріс жолға түскендердің сана-сезімі түбегейлі өзгеріп, қоғамға араласуы үшін көмекпен қоса, уақыттың қажет екені сөзсіз. Қарағанды облысының дін істері басқармасы адасқандарды жөнге салу үшін кешенді іс-шараларды қолға алды, оның  ең бастысы, тиімді нәтиже көрсете алатын үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Тентекті тезге салып, көзқарасының түбегейлі өзгеруіне үлес қосу үшін «Ақниет» ақпараттық-насихат және оңалту орталығы құрылған болатын. Мұндағы мамандар қазіргі уақытта жат ағымның жетегінде кеткен 20-ға жуық адаммен кешенді жұмыстар жүргізуде.       Айта кету керек, Қазақстан «Жусан» гуманитарлық операциясын іске асыру арқылы әлем елдері арасында алғаш болып батыл қадамға барып отыр. Теріс діни ағымға еріп, елден қашып кеткен отандастарын кері қайтару операциясын біздің ел ғана қолға алды. Бүгінде Қазақстан билігінің кешірімін алып, жат жерден оралғандардың басым бөлігі теріс діни ағымда болғанын түсініп, жасаған қателіктері үшін өкінетіндерін жеткізген. Олар ата-ана үмітін ақтамай, елден қашып кеткендері үшін әрі балаларының тәтті шақтарын тозаққа айналдырғанына өкінеді. «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімнен толық бас тартқан. Батыс елдері елін, жерін сатып, жат ағымның жетегімен елден кеткендерді Отанына әкелуге ел ішіне іріткі әкелетін қауіп бола ма деп күдікпен қарап отыр. Ал Қазақстан тәуекелге барып, азаматтарына көмек қолын созды, бұл мемлекеттің өз азаматтарының қауіпсіздігіне бейжай қарай алмайтынын көрсетеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39