Жылуы жоқ баспана

Еңлік АБАҒАН

28.09.2021, 11:28

267

   Көксу ауданында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйдің құбырлары жарамсыз болып жатыр. Пайдалануға берілгеніне екі жыл болған баспана тұрғындары «үйді жылытамыз» деп пеш қосып, жарыққа белшеден қарызға батқандарын айтып шағымдануда. Аудан әкімдігі үйдің жылыту құбырлары дұрыс емес десе, үйді жобалаушылар «барлық гәп жылыту қазандығынан» деп, бір-біріне кінә артып отыр.

  Жылуы жоқ үйдің зардабын қарапайым халық шегіп, екі ортада қалды. Солардың бірі – Балпық би ауылының тұрғыны Шалипа Нұрсағиева. Ол екінші топтағы мүгедек, жаңа үйден бір бөлмелі пәтер кезек бойынша берілген. Бірақ сол бір бөлмелі пәтер тастай суық деп шағым айтуда тұрғын. Ол жылыту үшін пеш қосып, шығынға белшеден батып жатқандарын айтады.

– Жылытқыш пеш қосып, 21 мыңға дейін жарықтың ақшасын төледім. Әр айда төлейтін сома 15 мыңнан кем емес, 17, 19, 20 мыңнан асып жығылады. Ал енді ваннаға түсу мүмкін емес. Қыстың күні жуына да алмаймыз. Әжетхананың өзінде далада отырғандай боламыз. Ешқандай жылу оған жүргізілмеген, – дейді екінші топтағы мүгедек.

   Балпық би ауылының тағы бір тұрғыны Бақытгүл Әскентай «жіңішке 15-тік труба қойылғандықтан, іші бітеліп қала береді» дейді. Содан жылу жүрмейтін көрінеді. Төбесі ғана жылиды да, асты тастай суық болып тұрады. Оның үстіне секциялары да аз, батарея қойған біздің үйлер жылымайды. Ол трубаларды ауыстырмайынша, бізге жылу болмайтынын жеткізді.

Ал үйді жобалаушы Серік Абдрахманов жылу құбырлары жіңішке емес екенін алға тартуда. Жоба бойынша талапқа сай 20 диаметрлі жылу құбырлары салынғанын айтты. Оның айтуынша, 20 диаметрлі жылыту құбырына берілетін жылудың температурасы 90 градустан төмен болмауы керек екен. Бірақ орталық қазандықтан жылу дұрыс берілмей отырған көрінеді. Былтыр қыста өлшегенде 60 градусты көрсеткен. Егер 90 градус жылу жібермесе, несіне жобаға қол қойды деп әкімдікке шағым түсіріп отыр.

Бұл туралы әкімдік жылу 90 градуспен берілу үшін ауа райы да суық болуы тиіс екенін алға тартуда. Ең тиімді шешім жертөледегі жылыту құбырларын ауыстыру екенін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов жіңішке құбырларды ауыстыру үшін қосымша қаражат бөлінетінін жеткізді. Сондай-ақ мердігердің өзінің кепілдемесі де бар көрінеді.

    Тұрғындар «үйдің сырты ғана жылтырап тұр» деп күйінеді. Тіпті пәтерлеріне дейін тартылған газ құбырлары іс жүзінде қосылмаған. Пайдалануға берілгеніне екі жыл да толмаған бұл баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 550 млн теңгеге салынған. 50 пәтерлі үйде көпбалалы аналар мен мүгедек жандар қоныстанған. Бірақ олар «осы үйге көшіп келгелі берекеміз қашты» дейді. Себебі баспананың жылуы жоқ. Ал әкімдік қызметкерлері екі жылдан бері уәде берумен ғана келеді екен. Бұл жолы да 15 қазанға дейін жылу құбырларын ауыстырып, мәселені шешіп береміз деп, кезекті уәделерін берді.

Тегтер: тұрғын үй пәтер үлескер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31