Live

Қазақстанның бейбіт бітімгершілік миссиялары: жаһандық қауіпсіздікке үлес

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ядролық қарудан бас тартып, бітімгершілік пен диалогты басты ұстанымға айналдырған мемлекет ретінде танылды.

Бақ

Елдің көпвекторлы сыртқы саясаты тек декларациямен шектелмей, нақты бейбіт бастамаларымен айқындалып келеді. Жаһандық тұрақтылыққа үлес қосу – Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық бағыты.

1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы басталған ядролық қарусыздану жолы Қазақстанға халықаралық бедел беріп, МАГАТЭ-пен әріптестік орнатуға мүмкіндік берді. Ел Төмен байытылған уран банкін орналастырып, ядролық сынақтарға қарсы БҰҰ күнтізбесіне бастамасын енгізді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше бітімгершілік миссиясына белсенді қатысуда. 2018 жылы Ливанға UNIFIL миссиясына 120 сарбаз жіберілсе, 2023 жылы Голан жоталарындағы UNDOF миссиясына контингент тапсырылды. 2024 жылы Қазақстан Ливан, Голан, Батыс Сахара, Дарфур, Кот-д’Ивуар, Либерия, Гаити аймақтарына 139 әскери қызметкерін жіберіп, штабтық және бақылаушы міндеттерін орындады.

Иракта (2003–2008) инженерлік және гуманитарлық миссиялар, Ауғанстанда білім беру гранттары арқылы ел гуманитарлық үлесін көрсетті. Ал соңғы жылдардағы соғысқа байланысты Қазақстан Ресей мен Укриана, АҚШ пен Иран үшін татуласу алаңын ұсынды.

Бітімгершілік миссиялар Қазақстанның халықаралық беделін көтеріп, Қарулы күштерінің кәсіби әлеуетін арттыруға, офицерлерге жаһандық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Ел қазіргі таңда БҰҰ туының астында әлемнің тұрақсыз аймақтарында қызмет атқарып жүрген бейбіт сарбаздары бар санаулы мемлекеттердің бірі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз