Live

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталары маңындағы Сирия тұрғындарына көмек көрсетті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, БҰҰ-ның бітімді бақылау күштері миссиясы құрамында қызмет атқарып жатқан қазақстандық бітімгерлер Сирияның оңтүстік-батысында гуманитарлық акция ұйымдастырды.

1

Атап айтқанда, Кунейтра провинциясының Голан жоталарына жақын орналасқан Трунжа елді мекенінде қазақстандық әскери қызметшілер Сирия Араб Қызыл Жарты Ай ұйымы өкілдерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсету лагерін құрды.

Гуманитарлық акция барысында балаларға, қарттарға және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға ерекше көңіл бөлінді. Әскери дәрігерлер тұрғындарды тексеріп, кеңес беріп, қажетті дәрі-дәрмектер таратты. Жалпы саны 93 адамға көмек көрсетілген.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар арасында жиі кездесетін аурулар – жедел респираторлық инфекциялар, тірек-қимыл жүйесі сырқаттары, артериялық гипертензия және қант диабеті.

Қорғаныс министрлігі мұндай гуманитарлық шаралар қазақстандық бітімгерлердің жергілікті халықтың қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге дайын екенін көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл миссия Қазақстанның халықаралық бітімгерлік қызметтегі рөлін айқындап, жергілікті тұрғындардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз