Қоғам

БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

8 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында Батыс Қазақстан облысының Круглоозерное ауылында Lada Priora көлігінің жүргізушісі екі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол апаты

Жол апаты салдарынан әйелдердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Медициналық сараптама оның көлік жүргізген кезде алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті. Күдікті қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен әйелдер ана мен қыз болған. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан әйелдің жасы 31-де, ал оның анасы қазір ауруханада жатыр. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тегтер: жол апаты БҚО
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз