Қоғам

Алматыда шешен белсендісі Мансур Мовлаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Мансур Мовлаев Алматыдағы тергеу сотының шешімімен тағы екі айға қамауда қалады. Ол шілде айына дейін тергеу изоляторында болады.

Мансур Мовлаеа

Белсендінің жақтастарының мәліметінше, 8 мамыр күні өткен сот отырысы Мовлаевтың өз қатысуынсыз және адвокаттарсыз өткен.

Қорғаушылар қамау мерзімін ұзартуға негіз жоқ екенін айтып отыр. Себебі Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Мовлаевты экстрадициялау процесін уақытша тоқтатқан. Бұған қоса, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстаннан оны Ресейге бермеуді талап еткен.

Еске салсақ, Ресейде Мансур Мовлаев экстремизм және бопсалау баптары бойынша айыпталып отыр. Алайда ол бұл істердің қолдан жасалғанын мәлімдеген. Шешенстаннан кеткеннен кейін Мовлаев Алматы қаласында тұрып, жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ол 2025 жылдың мамыр айында Ресейдің сұрауымен ұсталған.

Қазір Қазақстан тарапы 24 тамызға дейін БҰҰ-ға Мовлаевтың шағымына қатысты ресми ұстанымын ұсынуы тиіс. Белсендінің жақтастары оның қамауда ұзақ отыруы адам құқығын бұзу мәселесіне айналуы мүмкін деп есептейді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз