Атбасарда әйел көршісін пышақтап, үйіне қамап кеткен
Атбасар қаласында 58 жастағы әйел өз үйінен бірнеше пышақ жарақатымен ес-түссіз күйде табылды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің іш тұсына бірнеше пышақ жарақаты салынған. Қылмысқа оның көршісі күдікті болып отыр. Болжамға сәйкес, күдікті әйелге пышақ жарақатын салғаннан кейін оны үйіне қамап, пышақты өзімен бірге алып кеткен.
Полиция оқиғаның болғанын растады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.