Live

Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен алынған полицей жаңа қызметке тағайындалды

Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Серік Шалхаров жаңа қызметке тағайындалды.

Серік Шалхаров

Ол енді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Бұл ақпаратты Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, Шерзат Полаттың резонанстық қазасынан кейін Серік Шалхаров Алматы облысындағы қызметінен босатылған болатын.

Қайғылы оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Бастапқыда полиция барлық күдіктілер ұсталды деп хабарлағанымен, кейін марқұмның туыстары барлық қатысы бар адамдар қамауға алынбағанын айтқан.

Осы іске байланысты ішкі істер министрі Ержан Саденов тергеуді жеке бақылауына алған. Кейін бірнеше адам екі айға қамауға алынып, Талғардағы наразылықтардан соң тексеру басталғаны хабарланды.

Жасөспірімге пышақ сұққан Абзал Шынасылдың кінәсі дәлелденіп, 23 жылға сотталды. Қалғаны бір жарымнан  20 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айрылды. Бұған қоса сотталғандар жәбірленушілерге миллиондаған теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз