Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:30

"Бос әңгіме": Ерлан Қарин қазақ тілі туралы мәлімдеме жасады

Ерлан Қарин
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді.

Қариннің айтуынша, мемлекет басшысының сөзінен кейін әлеуметтік желілерде мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты пікірталас өршіп кеткен.

– Өз пікіріңді бөлісіп, ұстанымыңды ашық білдірген дұрыс. Бірақ "билік қазақ тілін сатып кетті" деу – бос әңгіме мен дүрлігу ғана. Ондайға негіз жоқ. Тілге қатысты мемлекеттің ұстанымы өзгерген жоқ. Қазақ тілін елдегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағыты үздіксіз жалғасып жатыр және жүйелі түрде жүзеге асады, – деп жазды ол.

Ерлан Қарин қазақ тілінің болашағына пессимистік көзқараспен қараудан бас тартуға үндеп, оның қоғамдағы рөлі артып келе жатқанын айтты.

Тегтер: