Қоғам

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтаудағы кәсіпкер жаңа сауда нүктесінің ашылуына орай 1 тамыз күні балаларға 50 балмұздақ пен 30 йогуртты тегін үлестірген. Алайда осыдан кейін оған 20 АЕК (86 560 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Ақтау

Қала әкімдігінің мәліметінше, кез келген тегін тарату акциясын өткізер алдында жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу қажет.

Себебі мұндай шараларда адамдар көп жиналып, кептеліс пен қауіпсіздік мәселелері туындауы мүмкін. Сондықтан қандай да бір өнімді тегін таратуды жоспарласаңыз, алдымен тиісті рұқсат рәсімдерін ескерген жөн.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз