Қоғам

Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына қатысты жер дауы сотта қаралады

Алматы облысында Болат Назарбаевтың балаларына қатысты жер дауына байланысты сот ісі басталмақ. Іс бойынша алғашқы отырыс жаздың соңына жоспарланған.

Болат Назарбаев

«Сот кабинеті» жүйесінде жарияланған мәліметке сәйкес, Қарасай ауданының прокуроры талап арыз берген. Жауапкерлер қатарында Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі және үш компания бар.

Сондай-ақ іс бойынша Болат Назарбаевтың жұбайы, ұлы Нұрбол және тағы 13 баласы жауапкер ретінде көрсетілген. Кәмелетке толмаған немесе өз құқықтарын жеке қорғай алмайтын балалардың мүддесін сотта заңды өкілдері қорғайды.

Жауапкерлер қатарындағы компаниялардың бірі – Kurylys LTD. Бұл компания арқылы Болат Назарбаев Алматыдағы «Алтын Орда» базарына иелік еткен.

Сотта жер теліміне қатысты талаптың заңдылығы қаралады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз