9 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында ер адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысындағы “Востокцветмет” ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында қайғылы оқиға орын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаңдеткіш қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған.
“KAZ Minerals компаниясы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
“Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деп хабарлады KAZ Minerals компаниясы.
Еске салайық, 2024 жылдың 31 тамызында “Востокцветмет” ЖШС-нің “Иртышская” шахтасында белгісіз заттан уланған төрт адам көз жұмған еді. Ол кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі топтық жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеу тағайындаған болатын.