Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 05 Ақпан 2024

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

курсант
Фото: из открытых источников

Желіде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазды Zhasalash.kz.

2004 жылғы азамат Алматы әскери институтында оқитын курсант екені анықталды.

"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Ал Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның суицид фактілеріне қатысы болуы мүмкін екенін айтты.

"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.