Қоғам

Шымкентте экскаватор басып кеткен жұмысшының өліміне қатысты іс қозғалды

Шымкентте жол құрылысында қаза тапқан жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

полиция

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы құрылыс алаңында болған. 54 жастағы ер адам жұмыс барысында экскаватордың астына түсіп, ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен азамат жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Шымкент қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісімен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз