Live

ҚТЖ басшысы жеке бизнесінің барын мойындады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов жеке бизнесінің бар екенін растады.

Алдабергенов

Оның айтуынша, өзі  «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС-нің құрылтайшысы болғанымен, компания сенімгерлік басқаруға берілген. Сондықтан кәсіпорынның күнделікті қызметіне араласпайды.

Талғат Алдыбергенов қазіргі таңда аталған компанияның «Қазақстан темір жолымен» де, басқа мемлекеттік құрылымдармен де ешқандай іскерлік байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол компанияның қаржылық қызметі мен кірістеріне қатысты мәселелерді арнайы басқарушы ұйым жүргізетінін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз