Әлеумет

Магистратураға құжат қабылдау 1 маусымда басталады

1 маусымнан бастап Қазақстанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Магистратура

Тіркеу процесі 8 шілдеге дейін app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Ал кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Ведомство мәліметінше, шығармашылық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік магистратураға түсушілердің құжаттары жоғары оқу орындары арқылы 1 маусым мен 8 шілде аралығында қабылданады.

Тіркелу кезінде талапкерлер тест тапсыратын қаланы өздері таңдай алады. Өтінішке өзгерістер енгізу мүмкіндігі 8 шілдеге дейін сақталады. Тестілеудің нақты уақыты мен орны туралы ақпарат 14 шілдеде талапкерлердің жеке кабинеттерінде жарияланады.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға арналған кешенді тестілеу электронды форматта өткізіліп, үш бөлімнен тұрады.

Жалпы шекті балл – 75.Талаптарға сәйкес:

• шет тілі бойынша кемінде 25 балл;

• дайындық деңгейін анықтайтын бөлімнен кемінде 7 балл;

• бейіндік пәндердің әрқайсысынан кемінде 7 балл жинау қажет.

Емтихан уақыты – 3 сағат 55 минут.

Ал бейіндік магистратураға түсушілер тек бейіндік пәндер бойынша тест тапсырады. Бұл форматқа 1 сағат 40 минут беріледі, ал шекті балл – 30.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз