Қоғам

«Ресейдің пайдасына тыңшылық жасаған»: Берлин қаласында Қазақстан азаматы ұсталды

Германияда Қазақстан азаматы диверсия дайындау және Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қолға түсті.

Ұстау

Прокуратура мәліметінше, 47 жастағы ер адам кемінде 2025 жылдың мамыр айынан бастап немістің қорғаныс саласына қатысты мәліметтерді ресейлік арнайы қызметтерге жіберіп отырған. Атап айтқанда, ол Берлиндегі үкімет ғимараттарын, автобандардағы әскери колонналарды және саясаткерлердің қызметтік көліктерін суретке түсірген.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті бұл материалдарды смартфон арқылы түсіріп, Ресей арнайы қызметіндегі байланыс тұлғасына жолдап отырған.

Ер адам 28 сәуір күні ұсталған. Ол бір тәулік ішінде сот алдына жеткізіліп, қамауда ұстау мәселесі қаралады.

Немістің ARD және SWR арналарының хабарлауынша, тергеушілер күдіктінің телефонын тексеру барысында жиналған материалдардың көлеміне және әрекеттерінің ауқымына таң қалған. Дегенмен түсірілген нысандардың көбі ашық қолжетімді болған. Соған қарамастан, заң тұрғысынан бұл әрекеттер тыңшылық ретінде бағалануы мүмкін, өйткені әңгіме НАТО құрамындағы елдің әскери инфрақұрылымы туралы болып отыр.

Тергеушілерді алаңдатқан тағы бір жайт — күдіктінің диверсия жасауға болатын нысандар туралы мәлімет жинап, мұндай әрекеттерге адамдар тартуды ұсынғаны. Ол байланыс тұлғасына «бәріне дайынмын» деп хабарлаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз