Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:16, 30 Қазан 2024

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді

а
Фото: primeminister.kz

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Қаржы министрі Мади Такиев мәлімдеді.

«2025 жылға арналған түсімдер 21,7 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге сомасында кепілдендірілген трансферт тарту жоспарлануда. Бюджет тапшылығы, 2025 жылы жалпы ішкі өнімге 2,7% деңгейінде, ал 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 1,9%-ға дейін төмендеу болжануда», — деді М.Такиев.

Бұл тұрғыда бюджет шығыстары 2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, биылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңгені құрайды.

Қаржы министрі 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала беретінін айтты. Яғни, биылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылы 794 млрд теңгеге ұлғайып, әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағытталады.