Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:35, 14 Қараша 2023

Астанада 37 жастағы әйел жылаған сәбиін аяусыз ұрып-соққан

ұру
Фото: из открытых источников

Желіде баласын аяусыз ұрған ананың видеосы тарады. Жағдай қоғамдық дау туғызды, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Психологтардың айтуынша, әйелдер босанғаннан кейін депрессияға ұшырап, күйеуінен ала алмаған өшін баладан алады.

Кадрдан сәбидің қатты жылап жатқанын көруге болады, қасында тағы бір бала бар. Анасының айтуынша, бұл балалар «махаббатсыз дүниеге келген және ешкімге керек емес». Ол балағат сөздер айтып, жатқан баланы аударып жібереді.

Тексеру барысында Астананың 37 жастағы тұрғыны анықталды. Әйелдің айтуынша, ол бұл видеоны өткен жылдың желтоқсан айында күйеуімен кезекті жанжалдан кейін түсірген. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұл отбасы ювеналды полицияның бақылауында, – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Гүлмира Шырақметова.

Мамандардың айтуынша, бала кезінде өздері жарақат алған әйелдер кейін балаға зорлық-зомбылық жасайды.

«Үш жасқа дейін баланың психикасын ана ғана қалыптастырады. Қатыгездік өз өміріне қанағаттанбаудан туады. Егер бұрын зорлық-зомбылық көрген әйел жалақысы, баспана, отбасылық, т.б. мәселелермен кезіксе, балаға негатив тарата бастайды», – деді психологиялық қолдау орталығының директоры Елена Петренко.