Қоғам

Боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-та емделіп жатыр

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кешенді ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Данияр Елеусінов

35 жастағы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жағдайын көрсетіп, тамырға дәрі құйып жатқан сәтін жариялады.

Боксшының айтуынша, ол дертінен арылып, жақын арада спортқа қайта оралғысы келеді. Елеусінов нақты қандай ауруға байланысты ем алып жатқанын айтпады.

Бұған дейін тамыз айында спортшы 2016 жылғы Олимпиададағы жеңісінен кейін алкогольге байланысты проблемалар пайда болғанын айтқан еді. Оның сөзінше, бұл мәселе уақыт өте келе ауруға ұласқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз