Қоғам

Тараз әуежайы авиакеросинді қымбат сатқаны үшін айыппұл арқалады

Жамбыл облысындағы «Әулие-Ата» әуежайы авиакеросинді монополиялық жоғары бағамен сатқаны үшін жауапқа тартылды.

Тараз әуежай

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде әуежайдың авиакеросинді экономикалық тұрғыдан негізсіз жоғары бағамен сатқаны анықталған.

Нәтижесінде компанияға 3,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық табысы тәркіленді.

Әуежайға авиакеросинге экономикалық тұрғыдан негізделген баға белгілеу туралы нұсқама берілді.

Компания тергеу нәтижелерімен келіспей, оларды сотта даулаған. Алайда бірінші және апелляциялық инстанция соттары ведомство қабылдаған шешімдерді заңды деп таныды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз