Саясат

«Әділет» Құрылтайға сайланатын 110 депутаттың тізімін жариялады

«Әділет» партиясы Құрылтай құрамына ұсынған 110 депутаттың тізімін жариялады.

Әділет

Тізімде бұған дейін мемлекеттік және өкілді органдарда қызмет атқарған тәжірибелі мамандармен қатар, жастар кадр резервінің мүшелері де бар.

Партия мәліметінше, олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың төрт бұрынғы депутаты бар. Осылайша, тізімдегі 24 адамның Парламентте депутаттық тәжірибесі болған.

Әділет
Фото: Әділет

Сондай-ақ кандидаттардың арасында Президенттік жастар кадр резервінің 10 мүшесі бар. Тағы төрт адам Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында болған.

Тізімге Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бес мүшесі де енгізілген.

Бұдан бөлек, 26 кандидат мәслихат депутаты ретінде тәжірибе жинаған.

Партия өкілдерінің мәліметінше, Құрылтай құрамына ұсынылған кандидаттар арасында мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат және жергілікті өкілді органдарда тәжірибесі бар азаматтар бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз