Қоғам

Каспийде аман қалған сарбаз жағаға өзі жүзіп жеткен

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі Бекет Қуандықтың жағдайы белгілі болды.

Әскер

Ол Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы. Әскерге 2025 жылы шақырылған.

Туыстарының айтуынша, әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен кезде Бекет өз күшімен жағаға жүзіп шығып, аман қалған. Қазір ол өздігінен жүріп-тұра алады. Ауруханаға жатқызылмаған.

Оқиға туралы хабарды естіген ата-анасы бірден ұлына жолға шыққан. Олармен бірге Бекеттің 40 күнге де толмаған інісі де барған. Әскери қызметші осы уақытқа дейін нәрестені көрмеген.

«Балам аман-есен, дені сау. Қалғанын, бәлкім, тексеру аяқталғаннан кейін айтар. Аман қалған жігіттердің басынан өткен жағдайды ешкімнің басына бермесін», – деді Бекеттің анасы Қарлығаш Мырзағалиева.

Қазір Бекетке психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ол әзірге үйіне қайтпайды және белгіленген мерзім аяқталғанға дейін әскери қызметін жалғастырады.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз