Live

Иран генералы АҚШ-пен соғыс қайта басталуы мүмкін екенін айтты

Иран қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» әскери операцияларды басқару орталығы басшысының орынбасары Джафар Эсади Иран мен АҚШ арасында жаңа қарулы қақтығыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Р

Бригадалық генерал елдің қарулы күштері толық жауынгерлік дайындықта екенін және кез келген әскери қауіпке қарсы тұра алатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол АҚШ-тың аймақтағы белсенділігіне назар аударды.

«Иран мен АҚШ арасында жаңа қақтығыс болуы ықтимал. Фактілер АҚШ-тың ешқандай уәде мен келісімді сақтамайтынын көрсетеді», – деп келтіреді ирандық жоғары лауазымды әскери басшының сөзін Fars агенттігі.

Оның айтуынша, америкалық ресми тұлғалардың мәлімдемелері мен әрекеттері көбіне «медиалық сипатта» болып, біріншіден, мұнай бағасының құбылуын болдырмауға, екіншіден, өздері құрған тығырықтан шығуға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске жолдауында 28 ақпанда басталған Иранға қарсы әскери іс-қимылдар аяқталғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар, ол АҚШ әскери контингенті Тегеран тарапынан болуы мүмкін қауіптердің алдын алу үшін аймақта қала беретінін айтқан.

Тегтер: АҚШ Иран
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз