Бас республикалық мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас республикалық мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.
ҚМДБ мәліметінше, жаңа атаумен Бас республикалық мешіт елдің рухани өміріне қызмет етуді жалғастырып, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға өз үлесін қоса береді.
Мешіт алдағы уақытта да халықтың рухани орталығы ретінде қызметін жалғастырады.