Live

Түркістанда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды

Түркістан қаласында дрондарды пайдалануға уақытша шектеу енгізілді.

О

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне дайындық пен халықаралық іс-шаралардың өтуіне байланысты 6-15 мамыр аралығында дрон пайдалануға тыйым салынды.

ТМҰ саммиті 2026 жылғы 15 мамырда Түркістанда өтеді деп жоспарланған.

Қала әкімдігі уәкілетті органдардың рұқсатынсыз қала аумағында дрон пайдалануға қатаң тыйым салынатынын мәлімдеді.

«Алда өтетін маңызды іс-шараларға байланысты бүгіннен бастап саммит аяқталғанға дейін Түркістан қаласында уәкілетті органдардың рұқсатынсыз дрон пайдалануға қатаң тыйым салынады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Қала тұрғындары мен қонақтарына дрондарды заңсыз пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.

Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынып, дрондары тәркіленуі мүмкін.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті 15 мамыр күні Түркістанда өтеді. Кездесудің негізгі тақырыбы жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері болмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара түркітілдес елдер арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.

2026 жылы ТМҰ-ның екі саммиті жоспарланған: бейресми саммит – Қазақстанда, ал ресми саммит – Түркияда өтеді.

Тегтер: Түркістан
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз