Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:17, 26 Қаңтар 2024

Президенттен сын естіген министр Шәріпханов қандай ғылыми жұмыспен айналысқан

Шәріпханов
Фото: из открытых источников

Бүгін Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты сынады. 

"Бұл жұмысты ауыр санасаңыз ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз" , - деді президент.

Осы орайда ТЖ министрінің қандай ғылыми жұмыстары бар, санап көрейік.

Министр қызметіне келмей тұрыр Шәріпханов ҚР БҒМ сараптама кеңесінде мүше болып, диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі қызметін атқарған.

ТЖ азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша 7 монография мен оқу құралдарының, 100-ден астам ғылыми мақалалардың, қазақстандық және шетелдік ғылыми-білім беру және ғылыми-теориялық басылымдардағы бөлімдердің авторы болды.

Сондай-ақ ол «Графикалық-аналитикалық әдіс негізінде төтенше жағдайларды жою жүйелерін талдау және синтездеу әдістемесін жасау»,«Төтенше жағдайлардың ақпараттық логистикасын дамыту» тақырыптарында диссертация қорғаған.

Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың жұмысының нәтижесі көрінбей жатқанын айтып, бұрынғы оқытушылық қызметіне қайтаруға қарсы еместігін айтты.

“Қазіргі жұмысты көңілден шығады деп айтуға келмейді. Министр Шәріпхановқа ескертемін. Егер сіз өз жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз, ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі ахуал өте күрделі және жауапты, еліміздің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Сондықтан бәріміз жинақы, ұқыпты және белсенді болуымыз қажет. Басқа жол жоқ. Президент Әкімшілігі бүгін айтылған барлық мәселені бақылауда ұстайды”, – деді Мемлекет басшысы.