Қоғам

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде құлан саны 100 есеге артты

Қазақстандағы Алтын-Емел ұлттық паркі аумағында құландардың саны соңғы жылдарда айтарлықтай өскен.

Құлан

Егер бұрын небәрі 32 бас болса, бүгінде олардың саны 3,5 мыңнан асты.

Мамандардың айтуынша, мұндай нәтижеге табиғатты қорғау шараларын күшейту және популяцияны қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында қол жеткізілген. Қазіргі таңда бұл жоба Қазақстандағы сирек жануарларды сақтаудың ең табысты үлгілерінің бірі ретінде бағаланып отыр.

Жануарлар дүниесін қорғау маманы Дидар Базарбеков мәліметінше, бүгінде ұлттық парк аумағында 3571 құлан тіркелген. Яғни олардың саны 100 еседен астам көбейген.

Қазір құландардың бір бөлігі еліміздің өзге өңірлеріне көшіріліп, табиғи популяцияны кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз