АҚШ-та іздеу жарияланған қазақстандықтың мәйіті табылды
АҚШ-тың Чикаго қаласында із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматына тиесілі болуы ықтимал мәйіт табылды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, Қазақстанның АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктері жергілікті билік органдарымен және марқұмның жақындарымен тұрақты байланыс орнатқан.
Қазіргі уақытта америкалық тарап тұлғаның кім екенін нақтылау және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ресми қорытынды шыққаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады. СІМ өкілдері тергеу аяқталған соң толық мәлімет берілетінін хабарлады.