Қоғам

Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Zhasalash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуандық Бишімбаев

Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салды.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз