Қоғам

Алматыда енесіне жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматыда әйелдің енесіне сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полиция

Бұған дейін «НеМолчи» қоры 17 тамызда ер адамның енесінің үйіне шай ішу сылтауымен барып, оған сексуалдық зорлық жасағанын мәлімдеген. Қор сондай-ақ жәбірленушінің сот-медициналық сараптамадан өтуіне байланысты қиындықтар болғанын хабарлаған.

Аталған ақпаратқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті істің тиісті деңгейде тергелмей жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды.

Полиция мәліметінше, зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталмақ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз