Әлеумет

TikTok пен Instagram-да бейәдеп сөз айтқан Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды

TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзатын бейнежазба анықталды.

Полиция

Тексеру барысында бейнероликтің авторы Алматы облысының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан екені анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді жария кеңістік екенін еске салады. Сондықтан цифрлық ортадағы пайдаланушылардың әрекеттеріне де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары толық көлемде қолданылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз