Live

Павлодар облысында жол апатынан әйел мен бес бала зардап шекті

14 мамыр күні Павлодар облысында әйел мен бес бала жол-көлік оқиғасынан зардап шекті.

Е

Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, 13 мамыр күні сағат 21:55-те «103» қызметінен Қызылорда – Павлодар автожолының Айнакөл ауылы маңында болған жол апаты туралы хабар түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жылқымен соғысқан.

Оқиға орнына жеткен Павлодар облыстық Жедел медициналық көмек орталығының бригадасы алты адамды — бір әйел мен жасы екі мен 12 аралығындағы бес баланы тексерген.

Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 2021 және 2015 жылы туған екі ұл бала, 2023, 2013 және 2024 жылы туған үш қыз бала анасымен бірге әрі қарай бақылау және ем алу үшін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оларды кезекші травматолог, хирург және ЛОР дәрігері қарап, қажетті тексерулер жүргізген.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз