Әлеумет

Тегеранда Әли Хаменеймен көпкүндік қоштасу рәсімі басталды

Иран астанасы Тегеранда елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеймен көпкүндік қоштасу рәсімі басталды.

Әли Хаменей

Аза тұту шаралары бірнеше күнге жалғасады. Рәсім аясында Хаменейдің мәйіті Тегераннан кейін Құм қаласына, одан әрі Ирактағы шииттердің қасиетті орындарына жеткізіледі. Қоштасу рәсімдері 9 шілдеде Мешхед қаласында жерлеумен аяқталады.

Иран билігінің мәліметінше, қоштасу рәсімдеріне ондаған елдің ресми делегациялары мен шетелдік діни қайраткерлер қатысады деп күтілуде. Осыған байланысты елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бірқатар шектеулер енгізілген.

Рәсімдер кезінде Иранның әуе кеңістігінің бір бөлігінде уақытша шектеулер қолданылады. Билік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша күштер жұмылдырған.

Айта кетейік, Әли Хаменейдің қазасы туралы ақпарат жарияланғаннан кейін Иранда бірнеше күндік ұлттық аза тұту жарияланған болатын. Елдің әр өңірінде оның рухына бағышталған еске алу және қоштасу шаралары ұйымдастырылып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз