Live

«Алтыналмас» кенішіндегі оқиға: алты адам қамауға алынды

Алдын ала мәлімет бойынша, олар бағалы металдарды ұрлады және Ақбақай маңындағы «АК Алтыналмас» АҚ аумағына заңсыз кірді деген күдікке ілінген.

Р

Бұл туралы Polites News хабарлады.

Күдіктілерді Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Балқаш полицейлерімен бірлесіп ұстаған. Операция ҚР ІІМ-нің бағыттамасы негізінде жүргізілген.

Ұсталғандардың барлығы – Қазақстан азаматтары. Олардың ішінде Жамбыл және Ұлытау облыстарының бес тұрғыны бар: М. Д. Сағындық, Ж. Ж. Елеусізов, А. К. Үсен, А. К. Жақыпов және Б. Г. Хафиз.

Сондай-ақ күдіктілер арасында Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкері – полиция капитаны Н. Армия да бар. Қазіргі уақытта оның заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жеке тінту барысында күдіктілерден тыйым салынған заттар табылмаған. Дегенмен олардың көліктеріне қатысты тінту жұмыстары жүргізілуде.

Тергеу амалдары жалғасуда. Әзірге келтірілген залал көлемі мен күдіктілердің процессуалдық мәртебесі ресми түрде жарияланған жоқ.

Тегтер: Алтын кені
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз